Бұл бетте «Өзім жайлы» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Боз жусан дала-анамның,
Иітіп төсін туғанмын,
Далиған дала етегін,
Жиектеп сағым қуғанмын.
Шартарап шарлап кезгенмін,
Құрсаулы өмірден безгенмін,
Еркіндіктің шын дәмін,
Азат ойлаудан сезгенмін.
Көкірегіме көз бердің,
Мен осылай өзгердім!
Шуақ боп келген шым-шымдап,
Сіңіруге нәрді сөз бердім.
Қамықпасқа қайғы ойлап,
Қолымнан келмес жәйді ойлап,
Жабырқамауға сөз бердім,
Дәл осылай өзгердім!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі