Бұл бетте «Күрең домбыра» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жыр - тұлпардың тұяғының дүбіріндей екпінді
Тебірентпей қоймайтұғын сөз ұғатын тектіңді.
Жыр толқытса ақыныңды әсерлі өлең өретін,
Шанағынан шашыратып шуақты әуен төгетін,
Қанатындай пырағыңның жоғалтпаған киесін,
Күрең шанақ домбыраңыз жоқтап тұрар иесін.
Қайғы орнатып басыңызға жүректе мұң кілкісе,
Көкіректі шер қысып бір, жанарға жас іркілсе,
Уайымның мұхитынан шер топаны селдесе,
Салың сеңге соқтығысып, шайқаларсың ендеше.
Мұндай сәтте мұңаймашы, шақыр досты қонаққа,
Беу-беу қағар бақсыдайын соз қолыңды шанаққа.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі