Бөлшектенгім келмейді
Бұл бетте «Бөлшектенгім келмейді» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шуақ болып шашыламын,
қауызымнан ашыламын,
Сіңіремін әр тініме
Тебірентер ғашық әнін.
Өзгелерше күле алмаймын,
Көлгірсініп жүре алмаймын,
Ұқсап баққан кездерімде
Мен өзімді жиі алдаймын.
Дүниені өз көзіммен,
Өзім болып тек көремін!
Ыңғайлансам әлдекімге
Мен өзімді жек көремін.
Бағынбайтын ережеге,
Жалтақтамас дәрежеңе
Жүрек ісін тыя алмаймын –
Бөлшектеніп сүйе алмаймын!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі