Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ақ Жайық, тасы, төгіл

Бұл бетте «Ақ Жайық, тасы, төгіл» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5830
Ақ Жайық, тасы, төгіл, көңіл қалдыр,
Аумалы-төкпелі ғой өмір бәрібір.
Айналған полигонға сор даланың
Бір рет тым болмаса шөлін қандыр.
Ақ Жайық, тасы, құйыл сайларыма,
Телегей болып жайыл жайлауыма.
Біреулер еске алатын болсын сені
Біреулер басын исін айбарыңа.
Шырылдар қарлығашың - Ақұштабың,
Қайтейін қанатсызбын, алыстамын.
Мінезің оятар деп үміттенем
Қалғыған кейбіреудің намыстарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ Жайық, тасы, төгіл өлеңінің авторы кім?

Ақұштап Бақтыгереева‎ — осы өлеңнің авторы.

Ақ Жайық, тасы, төгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ Жайық, тасы, төгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақұштап Бақтыгереева‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ Жайық, тасы, төгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері