Тәуекел
Бұл бетте «Тәуекел» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кісілік сабақтан басталған қадамым,
көлгірлік, зеңгірлік дегеннен адамын,
құлагер, ақтаңгер, күреңдер жиналған алаңға
жорғама терлік сап барармын...
білемін, «күтпесін» күтпейтін орта бұл,
білген соң, несіне қорқамын!
Жырларым үміттің тамшысы,
Құйылғын, қордалан!
Жігерім намыстың қамшысы,
Ентелей кірермін Ордаңа,
Қолдаса, әділет жаршысы
Жатырқай қоймас-ау жыр-дода...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі