Табын-табын ой айдап
Бұл бетте «Табын-табын ой айдап» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табын-табын ой айдап,
Ойпаң қуып шаршадым,
Қиял-ғажап қуып ем,
Қиыр шарлап тамсандым.
Ойпаң жерде жүрмегім –
Ойдың ауырлығынан,
Қиян шарлап кезгенім
Мидың жауырлығынан...
Жеңіл-жеңіл, десе де,
Қиялға көп ермедім,
Өріс қуған қойшыдай
Жусанды қыр ермегім...
Кәсібі ғой мергеннің,
Тырна аңдыған тыраулап.
Ой қайырам құраулап...
Содан қырық-құрау бақ.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі