Бұл бетте «Қара Ертіс» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара Ертіс қара түнді тербетеді,
Қара түн, мызғи қойсаң нең кетеді?
Түн түнек сүйреп шығып не бір ойды
Не бір ой көз жасымды селдетеді.
Қара түн, мызғи қойсаң нең кетеді
Не бір ой, келсең күндіз келсең еді!
Бозторғай таң бозында үрпиісіп
Қанатын әнтек-тәнтек сермеседі...
Қара Ертіс түн баласы көз ілмеген
Мұнда да таусылғандай төзім деген.
Түбінде иірімі тымып ағар
Ішімнен ой мүжіген өзім дер ем!
Мен-дағы ой тербетіп көз ілмегем,
Қара Ертіс – ой мүжіген өзім дер ем...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі