Бұл бетте «Мен құмда өстім жалаңаяқ» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
31.12.2021
0
0
1214
Мен құмда өстім жалаңаяқ,
Құм қызуын сіңіріп,
Өкпек желге қарамай-ақ,
Қырдан самал сіміріп...
Мен Қиғаштың ақ жалында
Ақ толқынмен жарысқам,
Асаумен де, тұсаумен де
Ес білгелі танысқам.
Құйынмен де, боранмен де,
Толқынмен де алысқам,
Осылардың бірін көрмей
Өскендермен жарыспан!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі