Құзғындар құлатқанда
Бұл бетте «Құзғындар құлатқанда» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құзғындар құлатқанда
қиядан құзға итеріп,
Қарқылдап, қауқылдасып
«жатсын деп алтын басың,
үстіңнен топан тасып...»
сырғытып лайсаң-ыласын...
Жын ба едім, тірі қалдым,
шуақтың бір ғажайып,
қарманып тінін алдым,
тірі қалдым...
Сен келіп бердің арай,
Күн шырай келбетіңнен
қалбаңдап тірі әруақ,
тік бастым жер бетін мен...
Сен мені, жаным, кім дер ең?
...Мен кешкен тағдыр міне, осы –
«көр қызы» көрге сіңбеген?!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі