Бұл бетте «Кісілерге жақынмын» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
31.12.2021
0
0
902
Кісілерге жақынмын,
Кісімсінбесе!
Аулақ жүрем,
өзімді кісі көрмей –
«тірегің бар ма артыңда,
кісің кім» десе!
Кісіліктің не екенін ұқпайтындар
Кісілікке жетпей жатып,
«Кісі екем» дейді!
Кісілікті танымайтындар
Кісілігі кемдерді
«Кісекем» дейді.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі