Көктем белгісі – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Көктем белгісі» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 815
Тұла бойы сүңгі мұздан сіресіп,
Селт етпестен қыс қабағын күзетіп
Тұрған дырау бәйтеректің бұтағы
Елең еттім көз алдымда дір-рр етіп!
Мұндай сурет ой қозғады ілкі бір –
Тұр ма дедім жер ақырын сілкініп!
Жер бусанып, жатыр екен дүние,
Кісен бұзып, мұз құрсауда бұлқынып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері