Күш пен бағыт
Бұл бетте «Күш пен бағыт» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Көтере алар ма екенсің»
деп шіреніп, салмақ тұр.
«Тәлтіректеп құласаң...»
деп сығалап зардап тұр.
«Арзан ба екен құның» деп,
Құнығады жалдап бір
Түлкі заман құлпырып,
Түгі жылтыр алдап тұр.
Күш, тегінде, кімде жоқ
Танымайтын атасын...
Қайда бұрсаң арнасын
Соның дәмін татасың.
Аңдап баспай қадамды
Кету де оңай шатасып.
Қаңғалақтап қаңбақтай
Желмен жүрген адасып...
Опырылма, тамырдан,
Нәр алатын кіндігің!
Шаңырақтан сақтасын,
Түрілмейтін түндігі!..
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі