Өлең, жыр, ақындар

Түс жору

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1190
Мен бір жолы айдан анық түс көрдім,
«Түс, - дейді екен - нәтижесі өңіңдегі істердің.»
Ал, сол күні нәтижесіз болды ма іс,
Әлгі айтылған тұжырымға көнбейтін,
Өңімдегі ісіме сай келмейтін
қолайсыздау көрдім түс.
Бір ісіме сай келмейтін өңдегі
түс көруім білдіреді ол нені?
Гитлер мен аты-жөні беймәлім
Бөтен ұлттың паштасы кеп оқыста
қақ жүректен көздеп тұрып
атып салды дәл мені.
Бір ісіме сай келмейтін өңдегі
Түс көруім білдіреді ол нені?
Екі оқтан аман қалып түсімде,
«Аман қалсам – олжа, - дедім ол-дағы,
жүрегімнен ата берсін, өлмеймін,
бақылаушы оқ жұмсамаса, болғаны!»
Мен бейтарап, әрі қызық түс көрдім.
Қыжылы бар, қауқары жоқ күш көрдім.
Түстегі «мен» білдіремін нені осы
Шындығында, өкілімін кімнің мен,
Қарапайым жүрген жанмын
мерейі өссе туған ана тілдің деп.
Адамзатқа тілеуі жоқ
Сан қилы
қара ниет әлдекімдер тілімнің
Аштырмауға адымын, басқан ізімді аңдиды.
Күйкі тірлік қашаннан да күйелеш
Пейілсіздер, ішің күйсе күй, егес!
Менің тілім –
Сенің қарау пиғылыңнан тайсалып,
Мәртебесі төмендейтін тіл емес!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Желтоқсанның бірі

  • 0
  • 0

Қонып жатыр, қонып жатыр, қонып жатыр қонақтап,
Әппақ ұлпа, әппақ желек!
Аспан әппақ, жол әппақ,
Әппақ шашу күмістелген шағылысып күнменен

Толық

Күш пен бағыт

  • 0
  • 0

«Көтере алар ма екенсің»
деп шіреніп, салмақ тұр.
«Тәлтіректеп құласаң...»
деп сығалап зардап тұр.

Толық

Көкжиектен күлімдеп шықты күнім

  • 0
  • 0

Көкжиектен күлімдеп шықты күнім.
Әппақ гүлдің ернінде қалған тұнып,
Мөп-мөлдір шық етеді жымың-жымың.
Ағытылды жүректен бұла жырым.

Толық

Қарап көріңіз