Бұл бетте «Жырымнан шуақ алып қал» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мендегі ойдың бәрі азат
құдыретті ием дарытқан,
Сәулесін тегіс шаша алар,
Жүйріктеу өзі жарықтан.
Таралар шуақ жарқылы
жер-көкке орнап жарық таң...
Бұл сәтте Әлем салтанат
құшағына енер шалықтап!
Ақ қанат жырым қалықта,
Тайсалар түнек жарықтан!
Мендегі ойдың бәрі азат
құдыретті ием дарытқан,
Бағынбас билік, басқаңа,
Керексе, шуақ алып қал.
Еркіндік, кеңдік, риясыз
Қуатты бойға дарытқан,
Пәк әлемге жетелер,
Тәтті арманды мәпелер
Жырымнан шуақ алып қал!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі