Тағы да сен туралы
Бұл бетте «Тағы да сен туралы» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өткеннің үлесі дер едім көмілген ақиқат дерегін.
Уақыттың дауылы сен едің,
жырыңмен рухымды демедің.
Жыр жаздың шуақты себелеп,
Ояттың мұратқа жетелеп.
Көп жанның ішінде бейтаныс
Кездеспей кетсек, біз не етер ек?
«Құдай-ау, көз сүзді» дер ме едім,
Жөн-жоба сақтап-ақ келгенің...
Сен жырды қалқан ғып келмесең,
«Әккінің қылығы» дер ме едім.
«Мезгілдің күзі өтті – ақ қырау,
Самайын ақ шалған, жатсың-ау!»
дегізбей, жырдесте өруге көнгіздің!
Жыр-керуен көмейден өргіздің...
Біле жүр, жырды жәй желеу ғып жүрсеңіз,
Күрсінтіп, сыртымнан күлсеңіз,
Жырдың да, менің де обалым...
Түбінде соғарын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі