Бұл бетте «Қаражал толқын» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкшулан толқын, қара ала жалды,
Жалынан үрей ұшырған!
Қасқайып келер қара нар кеме
Жан тыныштығынан ұшынған!
Қаражал толқын, аудармай қоймас, аудармай,
Қаражал толқын, араның қойды-ау, бір тоймай!
Дауылдың күші, теңіздің түсі – ымыраласқан айлапат,
Төңкермей қоймас, өңгермей қоймас –
Тайталас!
...Қасқайып қасқа маңдайы тасқа,
шағылмай тынбас өршілдің,
Қаражал толқын, бағытын, сірә
тойтара алмадың, күрсіндің!!!
Арынды екпін – сөз дауыл тұрған
алақұйында алқынған
Шабытым қалмас
дауылдан сәттік салқындап!
Күн шықса, дүлей екпінім
шуаққа жылап бас ұрар.
Жеңе алмас дауыл, алапат шайқас егесіп,
Жеңеді, жеңсе – жырыммен шуақ теңесіп!
Тулай бер, тула, аяныш саған жараспас,
Бұлқыныс күштің тымық кешуі –
бір сәттік демнен әрі аспас.
Қаражал толқын жыр-өлең,
Иіріміңе алсаң, сенімен ешкім таласпас!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі