Інілеріме
Бұл бетте «Інілеріме» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір жайлы тым кешірек ұғыппын,
Талқысына түсіп талай шынықтым.
Білсеңіздер, сіздер білген шығарсыз
Өз қатемді өзім білмей жүріппін!
Өз соқпағым айналғанша сүрлеуге,
Жақ ашпадым тәңірге
Жолға шықтым жалғыз деуге, бір деуге,
Атар таңды күттім үнсіз іргемнен.
Таң сібірлеп, себезгілеп шуағы,
Түнектерді еңсемді езген қуады.
Інілерім аман болса – бекзаттар,
Менің де Айым бір оңынан туады!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі