Қызық көйлек киген қыз оттай жанды

Бұл бетте «Қызық көйлек киген қыз оттай жанды» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 3546
Қызық көйлек киген қыз оттай жанды,
Сол сол екен жүрегім шоққа айналды!
Аяғымнан әл кетіп тоқтай қалдым,
Ал жүрегім...жүрегім соқпай қалды!

Лап берді де ыстық леп отқа орады,
Есер сезім еркімді ноқталады.
Құдайдың бір әйтеуір сақтағаны,
Қызыл көйлек киген қыз тоқтамады.

Қызыл көйлек қайтіп сол көрінбеді,
Өшпей қалды өрт бейне көңілдегі.
Жанарымда біржола қалып қойды,
Лап бергені жалынның, шегінгені.

Жүр де мейлі бекерге жоққа налып,
Жалтақтаймын сол жаққа көп қадалып.
Шала жанған жігіттер жаман екен,
Өртеніп кетпеген соң отқа оранып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері