Бұл бетте «Арылмас мұңым бар менің» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арылмас мұңым бар менің
Жанарға жасымды ірікпен.
Аштықтан қырылған елдің,
Сүйегін басып жүріппін.
Аттасам аңғал ниетпен,
Ауырлар мұңым батпандай.
Көмусіз қалған сүйектер,
Күтірлеп сынып жатқандай.
Ешкімді қостатпан көр деп,
Дала бұл – Қабір жайланған.
Сүйемдей бос жатқан жер жоқ,
Сүйекпен жабылмай қалған.
Аруаққа қараған жанмын,
Мен деме сатқын албастың.
Сыртқы елге дала-бабамның
Сүйегін бастыра алмаспын.
Кешір сен, асылды бассам,
Киелі шаңырақ – төрім.
Ешкімді басындырмаспын,
Алашым – аруақты елім!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі