Түс немесе «желтоқсан құбыжығы»
Бұл бетте «Түс немесе «желтоқсан құбыжығы»» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Тұлпар» көрдім түсімде;
Басы-есек әлгінің,
Тұрқы-тұлпар пішінде,
Есек құсап ақырып,
Жылқыларға азу тісін батырып,
Ойран салып жүрді үйірдің ішінде.
Тұлпар құсап тұяқты,
Топтап-топтап тастайды,
Басы есек сияқты болғанменен,
Салпаңдатып құлақты.
Жылқыларды кәдімгідей жасқайды.
Есек деуге келмейді,
Тұлпар боп та мандымас.
Кісінесе, жөн мейлі,
Есек құсап ақырады әлгі бас.
"Қамбар ата-аяулым!
Қалыпсың-ау сорға анық"
Дедім-дағы қорланып,
Құрығымды қолға алып,
Айқай салып ояндым.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі