Өлең, жыр, ақындар

Алуаш

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3514
Даусына Мұхиттың ел тамсануда,
Жас-кәрі қошеметпен қарсы алуда.
Бір болыс құдаласқан қонақтыққа
Серіні шақырыпты ән салуға.
Шілдеде кесіп өтсең ала қырды
Кең жазық талдырады жанарыңды.
Жол шықты сол болысқа әнші Мүхит
Қасына досын ертіп бала күнгі.
Екеуі «сәт сапар» - деп жүріп берді,
Аңызақ сынға салды жігіттерді,
Торсыққа аздап қүйып алған сусын
Тамағын қос серінің жібітпеді.
Алдан бір ауыл шеті көрінген-ді,
Әсем саз түр көмейден төгілгелі.
Қолынан бір сұлудің шай ішпесе
Көншір ме жігіттердің көңілдері.
Ауылға досын Мұхит жетеледі,
Дауысын ат үстіңде көтереді.
Ақ боз үй әшекейлі алты қанат
Бай қызы Алуаштың мекені еді.
Мін жоқ-ау ақбоз үйдің ақтығында,
Көрдің бе қона кеткен бақты мына?
Секпіл бет қоңыр қызды теңеді әнші
Айдынның еркін жүзген аққуына.
Риза бәйбіше де, бай да бұған,
Демеді оқыс туған қайдағы ән.
Алуаш шай құяды қос серіге
Сүтті де қатыңқырап қаймағынан.
Жарасты жас дәуреннің базарында,
Мін болмас бойжеткеннің ажарында.
Алуаш қыз қылықпен қылмыңдайды
Мұхиттың ілінсем деп назарына.
Қызда бір әбігерлік байқалады,
Сері де соза түсіп айтады әнді,
Досының көзі түссе қайырмасын
Мұрнынан бір тыржитып қайтарады.
Жастықтың болмайтындай жазы мәңгі
Екі дос шайға қанды, азық алды.
Талантқа не демексің қас қағымда
Бір қызға сыйлап кетті әзіл әнді.
Әзіл ән орындалып жатыр әлі,
Құрбыны сауық кешке ол шақырады.
Талантпен бір түстік шәй бірге ішкен
Сол қыздың мәңгілікке аты қалды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылым

  • 0
  • 0

Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.

Толық

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын

  • 0
  • 0

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,
Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.
Даданың жанарынан мұң байқасам
Айдында ескегі жоқ қайықтаймын.

Толық

Айнам қалды

  • 0
  • 0

Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.

Толық

Қарап көріңіз