Самайымда ақ қырау
Бұл бетте «Самайымда ақ қырау» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Самайымда ақ қырау,
Маңайымда бақ сынау.
Тойлағаным тәттілеу,
Ойлағаным ащылау.
Көздерімде көлеңке,
Сөздерімде кең өлке.
Келтірмеңдер маған сөз,
Өлтірмеңдер мені ерте.
Маңдайымда мың қатпар,
Таңдайымда түрлі ақпар.
Мұңдарыммен мың батпан,
Сырларымды тыңдап қал.
Уа, тыңдап қал, тыңдарман,
Бекерден-бекер тұлданбан.
Арттағыға сөз қалсын,
Өтер де кетер бұл жалған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі