Саған – Серік Томанов

Бұл бетте «Саған» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1016
Өзіңсің есіл-дертім,
Сорым болар екенсің несін көрдім.
Өзің хандық етерсің өз бағыңа,
Өзегімнен жалынды өшірген күн.
Оған дейін ол бақтың елесі мен,
Төресі мен қарайтын төбесінен.

Бағбаны да өзіммін баптайтұғын,
Әуре болып әйтпесе неге өсірем?
Сағыныштың түсіндей сары бағым,
Сәл көрмесем мен сені сағынамын.
Мен деп сана Мәжнүннің жолын қуған -
Жабырқаулы жан көрсең жаны жарым.

Жақсы көрдім мен сені алабөтен,
Бақытымды бақиға ала кетем.
Жақсы жырды жаздырған жанның өзі,
Жығылмайтын жүректің жалауы екен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері