Елегізу – Айжарық Абылқасымов

Бұл бетте «Елегізу» атты Айжарық Абылқасымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1438
Қалдырып жылды, қалдырып айды,
Өтеді күндер көңілсіз.
Өлтіріп гүлді, талдырып ойды,
Жетеді түндер өзіңсіз.

Көңілді басып, өмірді шашып,
Уақыт шіркін заулайды.
Жанымды қарып, жапырақ жанып,
Қай-қайдағы лаулайды.

Үлкейіп мүлде, еңкейіп түн де,
Ұлғайып тұрған үрейлі.
Уайым тілде, менімен бірге,
Тыныштық қана тілейді.

Отырдым дағы, атырдым тағы
Бір таңды жүрек дүрсілдеп.
Есігімді ашып, шақырдым тағы,
Итімді жақын жүрсін деп.

Өлеңім сені, келемін сені,
Өзімнен әсте қалдырмай.
Қанады шөлі, болады шегі,
Қалар ма есте, ойпырым-ай?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері