Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы» атты Шәмшия Жұбатова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1103
Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы,
Жайнаған жастығымды күн ұрлады.
Жұпарын сарайыма себеледі
Айналып жылдарымның жұмыр бағы.
Жұпарын сарайыма себеледі,
Керіліп аппақ желкен кемедегі.
Мезгілсіз аққан мезгіл өзені кеп,
Ойлантып кете берді неге мені?
Кеңейген кеш ашылып жан сарайым,
Жасырма, үнсіз өтті қаншама айың?
Аққудай қанатымды үлпілдетіп,
Жылдардың жоғын іздеп ән салайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері