Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 848
Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге,
Өксік үні араласып кешкі үнге...
Сәуір, мамыр... естен танған кескінде,
Ақша бұлттың ауылына көштің бе?
Желкеніңді желге түзеп ақтың ба,
Қапылыста қанатыңды қақтың ба?
Аспан жақтан тағы бір ән жолдадым,
Ақ бұлттарға шалқалап бір жаттым да.
Ағады өмір ұйықтап жатқан тамырмен,
Сәуір ме едің, бітпей қалған мамыр ма ең?
Сізге Алланың аппақ жолын тіледім
Қолдарымды жайып тұрып тәңірден.
Жылағам жоқ, жүрек қана жылады,
Кең даланың тұншыққандай бұлағы.
Сол жағымда мөлдір бұлақ тұнады,
Оң жағымда қар тасқыны құлады.
Кетті сәуір, қалды мамыр, балқыды,
Толған айдың талықсыды бал түні.
Өмір тағы жалғасады деп айтты
Құрдымдағы құралайдың салқыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері