Жалғыздықтан қамығып шаршауменен
Бұл бетте «Жалғыздықтан қамығып шаршауменен» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғыздықтан қамығып шаршауменен,
Үміт күтіп жүрем мен бар сәуледен.
Айдың нұрын жүздіріп келбетіңе
Ақ дидарлы, жеттің бе, аңсаулы әлем?!
Қанаттарын сұраумен тұмса көктің,
Бойға бітер демегем мұншама екпін.
Арманымнан көз жазып қала жаздап,
Арасында адастым мың сан оттың.
Қоңыраулар соғылып қорғандарда,
Өрт шығатын секілді ормандарда.
Менен көмек күткендей шыр-шыр етті
Қанаттары күйген құс сол маңдарда.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі