Әз көктем, аяулымсың армандаған –
Шәмшия Жұбатова
Бұл бетте «Әз көктем, аяулымсың армандаған» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Әз көктем, аяулымсың армандаған,
Мен сені іздеп жүрдім бар ғаламнан.
Жабықсам, сенсің мені құтқаратын
Көк жүзін көлеңке бұлт торлағаннан.
Қырмызы қызғылт бақты нұр басқанда,
Тыраулап алыс жаққа тырна ұшқанда,
Гүл алып сені тостым келер ме деп,
Бақтарда қыз бен жігіт сырласқанда.
Көкем-ау, көрінбедің көптен бері,
Ақ жаңбыр қайтып келсе көктен кері.
Сұрадым, мекеніңді айтпай қойды,
Желбіреп Сарыарқаның жеткен желі.
Сен қайда жүрдің, көктем, біле алмадым,
Екеуміз толқыны едік бір арнаның.
Желбіреп желмен бірге жетер ме деп,
Жабықтым, жүрегімнен жыр арнадым.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі