Шалқығандай от тілі ыстық үйден
Бұл бетте «Шалқығандай от тілі ыстық үйден» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шалқығандай от тілі ыстық үйден,
Қызыл күнді бетке алып ұшты күймем.
Кешкі шапақ шөмеле төбесіне
Шашыратып қып-қызыл ұшқын үйген.
Көгершіндер қанатын көкте қағып,
Сыңғырлайды күміс су шеттен арық.
Алдындағы күндерге ынтығумен,
Ағыстары Арыстың кеткен ағып.
Өзен-көлі қосылып бар даланың,
Шайқалады шарасы Шардараның.
Айдынында көк аспан теңселгенде
Таңданамын, толқимын, арбаламын.
Көлкіп ұшқан көгілдір Көктөбе-мұң,
Толқып-толқып тұрды да, төкті өлеңін.
Менің аппақ арманым желкен болып,
Бара жатыр ішінде көк кеменің.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі