Бұл бетте «Жаз бен қыз» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.
13.01.2022
0
0
1087
Жасыл көйлегі желбіреп,
Қарақат көзі мөлдіреп,
Көбелек қуып барады
Сағымдай болып көлбіреп.
Көбелек қолға қонады,
Қанатында бар жолағы.
Қумаса сол қыз көбелек,
Жаз қалай қызық болады?
Шашынан түсіп тарағы,
Жүгіріп сол қыз барады.
Күлімдеп аспан төбеден
Жап-жасыл жаз боп қарады.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі