Не боп кетті дүние, не боп кетті –
Шәмшия Жұбатова
Бұл бетте «Не боп кетті дүние, не боп кетті» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не боп кетті дүние, не боп кетті,
Қу тіршілік аямай дедектетті.
Ауыл жақтан сағынып келген досым
«Қош» деместен еліне жөнеп кетті.
Өзім жедім қонақтың қонағасын,
Сағынышты сары жел тонағасын.
Жайлаудағы жылқыдан тұсау көрдім,
Қыран көрдім шешпеген томағасын.
Тез жоғалтып ажарын сүйкімділер,
Гүлзар бақта өтуде митингілер.
Биік жалдар мұхитта дағдарады,
Тірлігіне жаңқаның қиқым күлер.
Биік жалдар мұхитта дағдарады,
Шағала боп шалықтап ән барады.
Жұлдыз жағып шаршаған қара түннің
Қараңғыда қанаты қармалады.
Жанды қалай сақтаймын тіршіліктен,
Жүрегімді ұстаймын күрсініп мен.
Талғау іздеп тұрамыз төңіректен,
Жалғау іздеп жүреміз жыршы-үміттен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі