Найзағайлар оянады бір түнде –
Шәмшия Жұбатова
Бұл бетте «Найзағайлар оянады бір түнде» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Найзағайлар оянады бір түнде,
Ғалам толып таңғажайып күркірге.
Шулы дауыс арасында аптығып,
Айтарыңды айт, жүрегім, іркілме.
Шулы дауыс арасында аптығып,
Армандар тұр салтанатпен сап құрып.
Жарқыраған үзік-үзік шамдарын
Асыл ойдың діңгегіне жатты іліп.
Балбыраған балаң ойлар көп-көрім
Даналыққа ұсынады кеп төрін.
Еркіндігін табу үшін қалықтап,
Жүрегімді жарып ұшты кептерім.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі