Бұл бетте «Ғаламат» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңның күліп атқандығы ғаламат,
Қызғылт кештің батқандығы ғаламат.
Бауыры аппақ қарлығаштың аспанда
Қанаттарын қаққандығы ғаламат.
Жапырақтың күзгі өлеңі ғаламат,
Достарыңның іздегені ғаламат.
Қарсы алдыңнан кездескен бір баланың
Жолды кеспей, «Сіз...» дегені ғаламат.
Анашыңды сағынғаның ғаламат,
Әкешіңе табынғаның ғаламат.
Балдан тәтті балашыңды айналып,
Жан жарыңа бағынғаның ғаламат.
Елдің аман болғандығы ғаламат,
Көңіліңнің толғандығы ғаламат.
Бақыт құсы бар ғаламды айналып,
Басыңа кеп қонғандығы ғаламат.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі