Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен,
Дабылды жылдар жетті белеспенен.
Балам-ау, күліп тұрған сені көрсем,
Жастығым көз алдыма елестеген.
Қайта алмай жастығыма, қарайладым,
Аралап туған жердің бар аймағын.
Келші ұлым, мезгіл жайлы сырласайық,
Алдында қатар тұрып шарайнаның.
Ізіміз қатар түссін жер бетінде,
Жер беті ұрпақтарын тербетуде.
Туған жер құшақ жайып, тебіреніп,
Қанатын қыран құстың серметуде.
Сен-дағы мұңаймашы, күрсінбеші,
Кеудемде жүрек болып дүрсілдеші.
Сүйеніп бәйтерекке бала қайың,
Тербеліп тіршіліктің тұрсын кеші.
Сен менің бүгінімсің, ертеңімсің,
Өмірде жалықтырмас ертегімсің.
Жанымда сен болғасын биік ұшам,
Көңілде күмбірлеген көркем үнсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері