Көкешім, келдің бе деп қарай бергем
Бұл бетте «Көкешім, келдің бе деп қарай бергем» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкешім, келдің бе деп қарай бергем,
Көктемім көлкігенде арай белден.
Самал жел сауын айтты бар ғаламға,
Дабысы естілді де талай жерден.
Қондырып қолыма алдым қаршығамды,
Абдырап, араладым бар шығанды.
Телміріп күн төнгенде төбе жақтан,
Төрт жағы дүниенің шаршыланды.
Жарқырап қос жанары келе жатқан,
Телміріп күн төнгенде төбе жақтан.
Ағызып ағыстары ақ кемені,
Теңселтіп толқындарын енеді ақ таң.
Ағызып ағыстары ақ кемені,
Бір күні күлім қағып бақ келеді.
Арайы албыраған албырт күннің
Жазылып қағаздарға жатты өлеңі.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі