Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман

Бұл бетте «Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 884
Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман,
Құлпырды күн астында жанат ғалам.
Ақ бауыр қарлығаштың қанатымен
Қалықтап барады ұшып алаптағы ән.
Тамыры тіршіліктің бүлкілдеген,
Ауысып құлпырады ол жыл, күнменен.
Ертеңім ертегі боп елестейді
Үмітке үкі тағып үлпілдеген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері