Гүлді сүйдім шілденің аптабында – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Гүлді сүйдім шілденің аптабында» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Гүлді сүйдім шілденің аптабында,
Түнді сүйдім сәуірдің ақ таңында.
Менің бала күндерім қалқып ұшты
Жазғы бақтың үлбіреп бақбағында.
Қалқып ұшты, қайтадан оралмады,
Жолаушыға жөн сілтеп жол арналы.
Балаң күнді іздедім жаһан кездім,
Мейіріне анамның оранғалы.
Балаң күнім дегенім анам екен,
Бақытты едім ол күнде алабөтен.
Елге барсам, мен тұрған үйді көріп,
Қақпасына Бақыттың қарап өтем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлді сүйдім шілденің аптабында өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Гүлді сүйдім шілденің аптабында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлді сүйдім шілденің аптабында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлді сүйдім шілденің аптабында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері