Аппақ күн шуақ шашып ана беттен
Бұл бетте «Аппақ күн шуақ шашып ана беттен» атты Шәмшия Жұбатова жазған ана туралы өлең берілген.
Аппақ күн шуақ шашып ана беттен,
Жайдары күн келеді жаңа леппен.
Жазира жайлауымның кең төсінде
Құлдырап жүгіреді бала көктем.
Тіршілік толғатады, толғатады,
Шығады жиһанкез жыл жолға тағы.
Жаңа күн шың басында шатыр жайып,
Сәлемін бар ғаламға жолдатады.
Қойнауы қара теңіз Қырымда кең,
Көзайым болсын көріп нұрыңды әлем.
Бұл сурет жанға жақын кетті тартып,
Өйткені көргендеймін бұрын да мен.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі