Хабар күтем сен жақтан жылы лепті – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Хабар күтем сен жақтан жылы лепті» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1402
Хабар күтем сен жақтан жылы лепті,
Жаным жылап, сезімнің гүлі кепті.
Жапырақтар желменен сыбдыр қағып,
Жүрегімнің соғысын дірілдетті.
Неге арманға толады бүгін кеудем,
Сен жетерсің алыстан күлімдеумен.
Жаңа таңда асығып оянам мен,
Қашан сені көремін, күнім деумен.
Ерке желмен есілген сен келесің,
Жетесің ғой, мен іштей кел дегесін,
Қай жағынан қақпаны ашамын деп,
Үміт күтіп ұшасың, сенделесің.
Сәл кешіксем, күт мені босағамда,
Жетпейтіні күту ғой осы адамға.
Дидарыңды көруге уақыт берген
Тынбай алғыс айтамын жасағанға.
Өзің жақтан әдемі леп еседі,
Көкжиектің кең екен келешегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері