Өмір деген қиын емес, күрделі –
Шәмшия Жұбатова
Бұл бетте «Өмір деген қиын емес, күрделі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өмір туралы өлең берілген.
Өмір деген қиын емес, күрделі,
Тұтқын болып тырмаладым түрмені.
Аңқылдаған ағыстардан өте алмай,
Бөгеліп ем, соққан самал жүр деді.
Жүр деп еді, желге ілесіп, көкке ұштым,
Арасында бара жаттым көп құстың.
Қап-қараңғы ормандардың ішінде
Ойсыздықтан арылтады отты ұшқын.
Өмір деген қиын емес, салмақты,
Талғампаз боп, сұлулықты таңдатты.
Қиындықтар қапысызда ұрғанда,
Ес жиғызып, жан-жағымды қамдатты.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі