Жақсы ма екен ішінген біле берген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жақсы ма екен ішінген біле берген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 974
Жақсы ма екен ішінген біле берген,
Білген адам үндемей жүреді елмен.
Күресінге күл қылып шашам деме,
Күресіннен күн болып түрегелгем.
Небір тірлік өтеді күнде бастан,
Мардымсыған дұшпанның күлгені астам.
Таңсық емес маған бал, татқым келер,
Алақаны анамның сіңген астан.
Ықпа желі заманның ығыстырған,
Ығыспауға жарады күміс тұрман.
Келген желге екпіндеп жалынамын,
Тірлігіме тиме деп дұрыс тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы ма екен ішінген біле берген өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жақсы ма екен ішінген біле берген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы ма екен ішінген біле берген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы ма екен ішінген біле берген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері