Жақсы ма екен ішінген біле берген
Бұл бетте «Жақсы ма екен ішінген біле берген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсы ма екен ішінген біле берген,
Білген адам үндемей жүреді елмен.
Күресінге күл қылып шашам деме,
Күресіннен күн болып түрегелгем.
Небір тірлік өтеді күнде бастан,
Мардымсыған дұшпанның күлгені астам.
Таңсық емес маған бал, татқым келер,
Алақаны анамның сіңген астан.
Ықпа желі заманның ығыстырған,
Ығыспауға жарады күміс тұрман.
Келген желге екпіндеп жалынамын,
Тірлігіме тиме деп дұрыс тұрған.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі