Елемей қарашаның қарсылығын
Бұл бетте «Елемей қарашаның қарсылығын» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Елемей қарашаның қарсылығын,
Сен менің тамызым боп қалшы, күнім.
Күзгі бақ түкпірінде қалып қойған
Күндерді жапырақтан аршы бүгін.
Кезім-ай, өзіңді ойлап өксімеген,
Тастаған мұңдарымды ескі деген.
Сап-сары гүлдер құсап тауда терген
Күндері қыркүйектің көшті менен.
Ай өтті бұрқыратып жалбызын ап,
Тамызым жүрегімде қалды жылап.
Өкініш бара жатыр өксіп алып,
Уақытқа сары гүлін алғызып ап.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі