Бұл бетте «Алқымға келді ақ нұрым» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
14.01.2022
0
0
834
Алқымға келді ақ нұрым,
Ризамын саған, тағдырым.
Жапалақтайды ақша қар,
Жауады жиі жаңбырым.
Кемелер түгел қарсы ақты,
Жорықты күндер шаршатты.
Кеудеме жинап жүрмін мен
Бақыттың нұры бар шақты.
Аспаным көкте көгерген,
Теңізім лықсып кенерден.
Өміршең шағым өлмеді,
Өрнегін тауып өнерден.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі