Неткен күн жаңбыр менен қары аралас –
Шәмшия Жұбатова
Бұл бетте «Неткен күн жаңбыр менен қары аралас» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Неткен күн жаңбыр менен қары аралас,
Ұмтылар ақ болуға қара ала ағаш.
Жаңбыр мен қар бірлігін мақұлдаймын,
Табиғат жаныңды әсте жараламас.
Шамдардың әлсіреді от белдігі,
Ол енді жарқыраудан кеткендігі.
Қаңтардың қаңтарлығы боранында,
Көктемнің қызғалдақта көктемдігі.
Сүйемін адастырар ақ боранды,
Ұнатам түн қойнауын қап-қараңғы.
Ұйтқыды соқыр боран, кілт тыншыды,
Ат зулап, шана зырлап, бақ таранды.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі