Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда –
Шәмшия Жұбатова
Бұл бетте «Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда,
Сексеуілді сындырмас қарлы құмда.
Жүрек құрғыр саңқылдап сөйлеп кетсе,
Дауыстаймыз, болмайды қарлығуға.
Мен ұмытқым келеді көп нәрсені,
Бастау үшін қайтадан барлығын да.
Шіркін, мезгіл! Шектеме сынабыңды,
Қылышыңды, қоя тұр қынабыңды.
Жібек желге жалауы желбіреген,
Мен қайтара алмаймын мына күнді.
Сулар біткен сусыды әкетем деп,
Жылымық күн жеткізген жылы ағынды.
Қария күн басында ақ дағара,
Ұқсамайды даналық қап-қараға.
Шежіре жыл шешуін жаза білсең,
Ақ көңілмен түйткілін ақтара ма?
Шымшықтардың шырылы шаршатты ма,
Бұлбұл әнін күтеді бақтар ана.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі