Бұл бетте «Мағыналы өмірдің бағамында» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мағыналы өмірдің бағамында,
Қаңтар еріп барады табанымда.
Қайран жүрек көзінің жасын жұтты,
Жарық шалқып, көшенің бағанында.
Самал іздеп жауқазын жұтынады,
Тамшыларын жинаумен құтыдағы.
Қар астында қарбалас күн кешкенмен,
Жауқазынның жүрегі бүтін әлі.
Табанымның астында тайғанақ мұз,
Мұз үстінде құладық қайдан-ақ біз?
Аршын-аршын қадамға сенгенменен,
Құлатпайтын айланы байламаппыз.
Сырғанаумен барады сырғанақ күн,
Қалмаған ба салмағы бір қадақтың?
Бос ыдыста салдырап бара жатыр
Даңқ іздеген дыбысы құр мадақтың.
Кімнен алсақ болады бір тәсілді,
Қалай қусақ болады бұрқасынды?
Жаухарымды жоғалтып, іздегенде,
Ұры күннің абайсыз ұрты ашылды.
Қаңтар ағып барады, тірлік еріп,
Беру керек оған да бір күн ерік.
Бұлыңғырда болашақ жоқ екенін
Жаңа күннің жанары тұрды көріп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі