Мені гүлім сағынатын сияқты
Бұл бетте «Мені гүлім сағынатын сияқты» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мені гүлім сағынатын сияқты,
Бүгін тағы суармасам болмайды.
Мені ұлым сағынатын сияқты,
Хат жазады, махаббатын жолдайды.
Анашымның сағынғаны анық-ты,
Самаурынын бұрқылдатып қайнатты.
Мені досым сағынып-ақ қалыпты,
Гүл силады, жадыратты, жайнатты.
Бөлмем мені сағынатын сияқты,
Кіріп келсем, жарқырады кенеттен.
Бара жатсам, жалау тағып безенді
Күн сайынғы анау көше мен өткен.
Қимастықпен тосып жүрген жандарға
Гүл дестесін беріп кетем жинаған.
Жаратқанға, тағдырыма ризамын
Сарқылмайтын сағынышын силаған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі