Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды
Бұл бетте «Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды,
Айым қалды, аспанда күнім қалды.
Жапырақтар желге ұшып, тал қартайды,
Сұрамай-ақ қойыңыз бүгін халді.
Жапырақпен жүрегім бірге менің,
Жаз боп жайнап мен-дағы жүрген едім.
Тал басынан жүрегім үзілгенде,
Шарам жасқа толады, күрмелемін.
Жалғыздығым жылайды ән айта алмай,
Мұңды кештер күрсінді талай-талай.
Көлеңкесін тасалап қарашаның,
Көше біткен шалқайды шам арқалай.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі