Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1118
Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін,
О, жаратқан, найзағайдың бер күшін.
Алтын күннің ақ шуағы алма іздеп,
Жұпар бақтың ерінбестен терді ішін.
Құйшы, жаңбыр, құйшы, жаңбыр, тиылма.
Жақсылық бар тәңіріңнің сыйында.
Мынау ғажап жарқыраған ғаламның
Мәңгілікке тұрмайтыны қиын да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері